RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында сиыр етінің шекті бағасы қойылды

23.09.2025, 22:14 472

Ұлытау облысында сиыр етінің бағасы қымбаттап кетпес үшін тұрақтандыру қорынан 50 тонна ет сатылымға шығарылады, деп хабарлайды 24kz.

Өнім әлеуметтік дүкендерде сатылады. Өңірде ірі қара етінің келісі орта есеппен 3300 теңгеден сатылып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылайтын мониторинг тобы кәсіпкерлермен кездесіп, бағаны негізсіз өсірмеуге шақырды. Арнайы топ халық көп тұтынатын азық-түліктің 19 түріне апта сайын мониторинг жүргізеді. Әлеуметтік маңызды тауарларға 15%-тен артық үстеме қосуға болмайды. Жыл басынан бері бағаны негізсіз өсірген 160 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жасұлан Дәулетбаев, сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

- Статистикалық бюроның ақпаратына сәйкес өсім байқалған өнімдерге шекті баға қойылады. Бізде мысалы бірінші тоқсанда сиыр етіне шекті баға қойылды және төртінші тоқсанға шекті бағаның көлемі белгіленуде әкімдікпен. Сол белгіленгеннен бастап Ұлытау облысы бойынша егер бағалар шекті бағадан астатын жағдай болса, 202 бапқа сәйкес айып көрсетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz