RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік мәселелер прокуратураның назарында

23.09.2025, 22:26 361

Қоғамдық тәртіп пен өңірдегі әлеуметтік жағдай үнемі басты назарда болады. Бұл туралы Алматы прокуратурасының бастамасымен өткен ведомствоаралық жиында айтылды.

Оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысып, әлеуметтік мәселелердің алдын алу мен халықтың арыз-шағымына жедел жауап беру тетіктерін қарастырды. Басқосу соңында ортақ жұмыс тәртібін нығайту туралы шешім қабылданды.

Жиында көтерілген басты мәселе – мемлекеттік мекемелердің өзара байланысын күшейту. Өйткені күн сайын прокуратураға да, әкімдікке де ондаған шағым түседі. Мәселен, бір жерде жарық сөніп қалса, басқасында құбыр жарылып жатады, тіпті заңсыз құрылыстарға қатысты да арыз көп түседі. «Мұндай түйткілдерді тек жұмыла көтергенде ғана шешуге болады», - дейді прокуратура өкілдері.

Сахи Айсбеков, Алматы қалалық прокуратурасының басқарма бастығы:

- Ол мәселелерді шешуге әрбір органнның мүшелерінің үлесі керек. Сол себепті, біз, прокуратура органдары қадағалау органы болғаны себебінен өзіміздің бастамамызбен жаңағы барлық органдардың басшыларын жинап, сол бойынша қазіргі таңда тиісті жұмыс атқаруға шешім шығардық.

Кеңесте қаладағы түйіні тарқамаған мәселелердің тізімі де бекітілді. Оған 60-қа жуық орын енгізіліпті. Оның ішінде заңсыз қазандықтар, рұқсатсыз салынып жатқан ғимараттар, тозығы жеткен желілер және өзге де нысандар бар.

Сахи Айсбеков, Алматы қалалық прокуратурасының басқарма бастығы:

- Алгоритм құрып, сол алгоритммен әрбір жаңағы әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша жұмыс атқару. Келесі жиналыстарда осы 60-тан аса ошақтар бар дедік қой, соның бәрін азайтып, жылдың соңына дейін жоқ қылып, түпкілікті жұмыс жасайтынымызға біз сенімдіміз.

Кездесу соңында жедел әрекет ету тәртібі қабылданып, мекемелердің байланысы күшейтілетін болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, бұл бастама түйткілдерді тарқатып, Алматыдағы жалпы ахуалды тұрақтандыруға ықпал етпек.

Авторлары: Алуа Ералықызы, Эдуард Кон

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz