1978 жылы салынған ғимарат әбден ескіріп, оқу-өндірістік бөлімдерінің тозығы жеткен.
Сексенінші жылдардағы ең кең тараған тракторлардың бірі осы. Әлі күнге дейін істеп жатыр бұл тракторлар.
Мұхит Алпысбайұлының колледжде ұстаздық еткеніне алты жылдан асты. Өндірістік оқу бөлімінің мұғалімі сабақты ескі ғимаратта бұрынғы техниканың бөлшектерін пайдалану арқылы түсіндіреді.
Мұхит Алпысбайұлы, Жаркент көп салалы колледжінің өндірістік оқыту шебері:
- Қазіргі заманауи машиналардың тракторлардың бөлшектері жоқ. Енді біздің амалдап жатқандарымыз, бұрыңғыларды шашып жинап үйретеміз. Кейінгі әкеп қойған жигули, иномаркалардың үйден шығып қалған нәрселерді әкеп, қойып, соны ашып көрсетеміз. Жаңа техника болса, бұл балаларға қазір нағыз техниканы білгенде өте көп көмегі болатын еді.
Колледжге түсетін студенттер қатары жылдан жылға артып келеді. Биыл олардың саны бес жүзге жуықтаған. Болашақ жұмысшылар шаштараз, автокөлік жөндеуші сынды жалпы 8 мамандық бойынша білім алады.
Дамир Бейсен, студент:
- Өндірістік сабақ кезінде осының бәрін түсіндіреді. Мының ішінде распред вал болады. Осылардың бәрін үйретеді. Бірінші курстан бері осының бәрін үйретіп келеді. Осы жерде алған білімімнің мен әкеммен жолда кетіп бара жатқанда мәшине бір кезде бұзылып қалды. Шықтым да қарадым. Сол кезде распред вал сынып кеткен екен. Аштым да қарадым. Егер мен бұл мамандықты оқымасам мұны қалай ашу керек екенін білмейтін едім.
2008 жылы оқу ғимаратының іші әрленіп, есік-терезесі ауыстырылды. Кейін жатақхананың бір бөлігі жаңартылған. Биыл көгілдір отынға қосылған мекемеге енді толықтай жөндеу жұмыстары қажет.
Ақжол Қожаханов, Жаркент көп салалы колледжі директорының орынбасары:
- Білім басқармасына проектно-сметная документация жасап соған ақша бөлу үшін заявка берілді. Енді материалдық техникалық базамыз нығайтса онда біз жаңа мамандық ашуды жоспарланып отырмыз. Газ құбырының операторы, крановщик сондай мамандықтарды ашсақ көп білім алушы келеді.
Саят Батырбеков, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
- Колледждердің қажеттіліктеріне байланысты күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қазіргі таңда өтініштерді қабылдау жүріп жатыр. Өтініштерді қабылдап болғаннан кейін мәслихаттың қарарына жібереміз. Ол жерде қарастырылып қолдау тапса, колледждердің жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде Жаркент көп салалы колледжі бар.
Жетісу облысындағы 21 мемлекеттік колледждің тең жартысынан астамы жаңартуды қажет етіп тұр. Саладағылар биыл алты мекемені ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізген. Алдағы жылы да сондай көлемде жұмыс атқармақ.
Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев
Тегтер #Жаркент #колледж #жөндеу #24KZ #Жұмысшы мамандықтар жылы #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz