Мамандар оны ерекше әдіспен өлшейді екен. Олардың жасына қарай белгіленген нормасы бар.
Мәселен, бүлдіршін алты жасында 20 кг тартса, 7 жасында шамамен 22 кг болуы керек. Ал сегіз жасында 25, тоғызға толғанда 28 кг-ға жетуге тиіс. 10-11 жасында баланың салмағы 32-ден 36 кг-ға дейін болуы шарт. 12 жасында 40 кг салмақ медициналық талапқа сай деп саналады.
Бала салмағының нормасы
Орташа салмақ:
6 жас: 20 кг
7 жас: 22 кг
8 жас: 25 кг
9 жас: 28 кг
10 жас: 32 кг
11 жас: 36 кг
12 жас: 40 кг
Әйгерім Бекежанқызы, педиатр:
- Ересек адамдағыдай, баланың дене салмағының массасы бірден есептелмейді. Бұл жерде бала өсуші организм болғандықтан, ай сайын оның бойын, салмағына есептеп отырамыз. Ол жерде баланың өсу қисық сызығы пайда болады. Яғни бала өз өзінің нормасына сай өсіп келе жатыр ма немесе түсіп келе жатыр ма? Соған қарай ата-анасымен жұмыс істейміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #артық салмақ #балаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz