RU
Толық нұсқаға өту

Келесі жылдан бастап салықтық жоспарлы тексерулер алынып тасталады

24.09.2025, 21:20 394

Бизнес субъектілеріне тексеріс құжаттарын ұсыну тек 2 рет талап етіледі.

Жаңа өзгерістер бүгін қаржы министрлігі мен кірістер комититі ұйымдастырған семинар барысында айтылды. Мамандардың сөзінше, енді бұрыңғыдай бірыңғай жер салығы болмайды. Ауыл және орман шаруашылықтарына жеңілдік жасалады. Ал қосымша құн салығының мөлшерлемесі 16% . МӘМС аясында дәрілік заттарды сату, медициналық қызмет көрсету, Үкімет белгілейтін тізім бойынша сирек ауруларды емдеу препараттарын өткізу және импорттау берешектен босатылады. Мұнымен қоса жекелеген төлемдер бойынша мөлшерлемелер мен алымдар саны да біршама кеміген.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Қазіргі таңда ШОБ субъектілеріне жеңілдіктер көрсетілген. Бізде салық нысаналары 30 пайызға қысқартылды. Салық түрлері 20 пайызға қысқартылды. Жеңілдіктер арнайы режимде қарастырылды.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz