RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда алғашқы стейблкоиндар шығарылды

24.09.2025, 21:23 326

Ұлттық банк алғаш рет теңгеге байланған стейблкоиндарды іске қосты. Бұл цифрлық активтер мен дәстүрлі нарықты байланыстыратын жаңа төлем құралы.

Цифрлық активтермен есеп айырысуға мүмкіндік беретін тың өнім. Оны қалай қолдануға болады?

Стейблкон - цифрлық экономиканың талаптарына жауап беретін жаңа өнім. Отандық стейблкоинның шығарылуы цифрлық активтерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді. Мәселен, енді криптовалютаны осы стейблкоинге айырбастауға болады. Жаңа төлем құралы теңгеге байланған. Яғни 1 теңге 1 стейблкоинға тең.

Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық банкінің Төлем және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің директоры:

- Егер цифрлық активтерге инвестиция жасағыңыз келсе, цифрлық активтермен қандай да бір қаржылық операциялар жасайтын болсаңыз, сіз стейблкоин арқылы қауіпсіз және ақшамен қамтамасыз етілген, жаңа қаржы активімен жұмыс жасауға мүмкіндік аласыз.

Биржа қатысушыларының сөзінше, стейблкоинмен есеп айырысудың өз артықшылығы бар. Біріншіден, төлем операциялары жылдам өтеді. Екіншіден, осы цифрлық активті пайдаланғанда комиссия аз.

Талғат Досанов, Іntebix биржасының директоры:

- Біз Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктестерімізбен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олардың цифрлық банкі де жақын арада дирхамға байланған стейблкоиндерді шығаруды жоспарлап отыр. Бізде екі елді стейблкоиндармен  байланыстыру міндеті тұр. Қазір арадағы тауар айналымы 500 млн долларға жуықтайды. Біздің келіссөздер соның бір бөлігін стейблкоиндармен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл төлем кезіндегі комиссияны азайтып, жеке және заңды тұлғалардың қаражысын үнемдейді.

Бұл Ұлттық банк іске қосқан Қазақстандағы алғашқы стейблкоин. Ол Еуразиялық банкпен, Интебикс биржасымен және Мастеркард пен Солана халықаралық платформаларымен серіктестікте шығарылады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Нұрғали Мамырбаев, Ислам Махамбет

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz