RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында жүгері жинау науқаны басталды

24.09.2025, 21:47 373

Жетісу облысының диқандары әр гектардан 73 центнерден жүгері жинап жатыр. Панфилов, Кербұлақ және Қаратал аудандарында науқан қызу.

Бүгінге дейін 28 мың тоннадан аса дақыл қамбаға құйылды. Алдағы аптада өңірдің солтүстік аудандарда да жүгері ору басталады. Биыл облыста 42 мың гектардан астам жерге дақыл себілді.

Аманбек Қасымов,  облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Жыл соңына дейін 308 мың тоннаға дейін өнім алу жоспарланып отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10 мың тоннаға артық. Яғни бұл көрсеткіш осы алынатын өнімнің орташа өнімділігі есебінен шығаралатын болады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz