RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында тұқым қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесі іске қосылды

24.09.2025, 21:50 641

Алматы облысында тұқым қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.

Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясы мен Алматы облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен өңірлік семинар-кеңесте айтылды. Аталған цифрлық жүйені отандық ғалымдар бірлесе отырып әзірледі. Себебі елде бұл саланың дамуы біршама кенжелеп қалған.

Ғалымдар келтірген деректерге сүйенсек, егін шаруашылығындағы өнімділіктің 30–40%-ы тұқым сапасына тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында шаруаларды сапалы тұқымымен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру туралы тапсырма берген.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі екі есе төмен. Яғни біздің екі есе жоғары алатын мүмкіншілігіміз бар. Цифрлық платформаның негізгі мақсаты – бұл тұқым шаруашылығын жүйелі түрде қалыптастыру.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Биыл өнімділік өткен жылға қарағанда төмен болайын деп тұр. Сондықтан тауар өндірушілерді климатқа бейім, ауру мен стресстік жағдайларға төзімді отандық селекциялық тұқымдармен қамту қажет.

2012 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанда дәнді-дақылдардың орташа өнімділігі небәрі 6%-ға өскен. Пилоттық жоба ретінде жүзеге аса бастаған тұқым қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесі саладағы олқылықтарды анықтап, мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға тосқауыл қояды.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz