RU
Толық нұсқаға өту

Алматы мектептерінде ас мәзірі жаңартылды

24.09.2025, 21:53 313

Алматы мектептерінде бірыңғай ас мәзірі жаңартылды. Жаңа мәзір санитарлық талаптарға сай жасалып, диетолог мамандардың кеңесі негізге алынған.

Ас мәзірі бұрынғыдан әлдеқайда құнарлы. Қант пен тұз мөлшері шектеліп, есесіне дәруменге бай тағамдар енгізілді. Әр мектепте құрылған комиссиялар оқушылардың қалай тамақтанатынын жіті қадағалап отыр. Балалар тамақты талғаммен ішіп, қалдық азайған. Бұл бастама жас буынның ерте жастан дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бақжанар Мұхамадиева, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі:

- Бұл мектеп мәзірін алғаш рет сарапшылардың қатысуымен бекіттік. Бұған дейін оны тек білім басқармасы қарастыратын. Қазан айында қысқы мәзірді қайта бекіту жоспарда бар. Сол кезде мониторинг барысында анықталған мәселелер ескеріліп, жаңа ұсыныстар енгізіледі.

Рафаэль Гасанов, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Тамыз айында біз әртүрлі мектептен, әр жастағы оқушыларды жинап, тағамдарды сынақтан өткіздік. Балалардың тарапынан көптеген ескертулер болды. Соларды сарапшылармен бірге талқылап, өңірлік ерекшеліктерді ескеріп, бүгінгі жаңартылған мәзірді жасадық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz