Таразда табан аудармастан 40 жыл бір өндірісте жұмыс істеген маман тұрады. Зейнет жасына жақындаған Жаңагүл Даубаева химия саласын дамытуға зор үлес қосты.
Ал қала тұрғыны Абзал Мұсабаев болса, 20 жылда 500-ге жуық жұмысшы маман даярлап шығарды. Еңбегіне адал жандармен Мерей Бает жолығып келді.
Жаңагүл Даубаева өңірдегі ірі химия зауытында тапжылмастан 40 жыл еңбек еткен білікті маман. Ол күкірт қышқылын өндіретін цехта оператор. Зауыт жұмысы әйел адам үшін ауыр екенін жасырмайды. Дегенмен мамандығына адал болды. 3 айдан соң зейнетке шығады.
Жаңагүл Даубаева, зауыт операторы:
- Жұмысым өзіме ұнайды. Сондықтан мен осында талмай 41-жыл істеп келе жатырмын. Нағыз жұмысшы мамандар біздің зауытта. Қиыншылығы да болады. Зауыттағы қызметтің оңай кезі де болады. Қатты қиналып түніменен қиналып кететін кездер даз емес. Бірақ соған төзе білген дұрыс.
Зауытта 2 мыңнан аса жұмысшы еңбек етеді. Арасында 20 –дан аса династия бар. Абзал Мұсабаев еңбек жолын ірі кәсіпорында электр маманы болып бастаған. Кейін өзі оқыған колледжге оқытушы болып оралды. Қазір электр техникасы және автоматтандыру, монтаждау мен электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша маман дайындап жүр. 20 жылда 500-ге жуық электр маманын даярлап шығарды.
Абзал Мұсабаев, Колледждің арнайы пәндер оқытушысы:
- Дамуға техникалық мамандықтардың үлесі өте көп. Өйткені қазіргі заманауи автоматтандыру мен электроникаға ауысып жатыр. Өте сұранысқа ие мамандықтың бірі. Негізі мамандықтың ешқандай жамандығы жоқ, сол жұмыстың көзін тапқан адамға шебері болған адамға ешқандай жұмыс қиын емес.
Бір қызығы Абзал Мұсабаевтың ұлы Айбек те әке жолын таңдады. Бала кезден техникаға әуес болған соң, бағыт-бағдар беріп қолдадым,- дейді. Айтуынша мектепте жүріп-ақ колледж студенттері арасынадағы жарыста жеңімпаз атанған. Былтыр автоматтанырылған автотұрақ жобасын жасап, WorldSkills байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Енді өңір абыройын республикада қорғайды.
Айбек Коммунарбек, студент:
- Бала кезден бастап неше түрлі құрылғылар жасауға қызығатын едім. Себебі әкем осы саланың мұғалімі еді. Менің басты мақсатым өндірістік орындарда адам өміріне қауіпті азайту. Соларға көптеген автоматтандыру жобаларды енгізу.
Жалпы аймақта жыл санып жұмысшы мамандарына сұраныс артуда. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Биылдың өзінде колледждерге 4,5 мың грант бөлінді. Жалпы аймақта 28 мың студент боса, жартысына жуығы осы жұмысшы мамандығына тегін білім алып жатыр.
Авторлары: Мерей Бает Бақытжан бапаев Елдар Байділдә
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Тараз #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz