RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да 3 млн тонна астық жиналды

25.09.2025, 08:38 396

Солтүстік Қазақстан облысында 3 миллион тонна астық жиналды, деп хабарлайды 24kz.

Диқандар орақ науқанының бел ортасынан асты. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша элеваторларға астықты кептіріп сақтауға Үкіметтен 14 мың тонна дизель отыны берілді. Өңірде күзгі дала жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 4,5 млн гектар жерге дән себілді. Оның басым бөлігі бидай. Қазір дәнді дақыл пісіп тұр. Ендігі міндет – шашау шығармай жинап алу. Бұл ретте орақ науқанына 8 мың комбайн жұмылдырылған.

Мария Хрипко, агроном:

- Биылғы орақ науқанында ауа райы қолайлы тұр. Бұған дейін мал азығын дайындағанбыз. Енді бидай мен арпаға кірісеміз. Күн ашық болса, егін алқабын 3 күн ішінде жинап алуға болады.

Қазір облыс бойынша егіннің 60%-і орылды. Бұл 3 млн тонна бидай. Диқандар әр гектарынан орташа есеппен 17 центнер астық алып жатыр. «Биыл майлы дақылдар да жақсы шықты», - дейді мамандар.

Дәурен Тоққожынов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Биыл егін шаруашылығын әртараптандыру арқылы майлы дақылдар алқабы ұлғайтылып, 978 мың гектар жерге дән себілді. Сондықтан биыл өнім көлемі мол болады. Болжам бойынша 1 млн. 200 мың тонна астық жиналуы тиіс.

Диқандарға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкіметтен арзанға 68 мың тонна дизельдік отын бөлінді. Қазір астық қабылдау орындарына 800 мың тоннаға жуық бидай түскен. Оның 22%-і үшінші класқа жатады. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz