Мыңнан аса тіркелмеген жер телімі мен 100 гектарға жуық пайдаланылмаған коммерциялық жер анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл ғарыштан барлау арқылы биыл 3 тоқсан ішінде алынған ақпарат. Сондай-ақ 709 заңсыз кен орны және трансшекаралық өзендер маңында 82 өзгеріс тіркелген. Төбеден көз тастаған спутник мемлекеттік орман қоры аумағында 120 ағаш кесу полигоны мен 1,5 мыңнан астам құрылысты әшкере етті. Қазақстан Ғарыш сапарының деректері бойынша 2 мыңға жуық өртенген орман және қалдықтар полигондарында 235 талап бұзушылық пен 2700 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері табылды. Жалпы, ғарышта 7 аппарат бар. Олар жоғарыда аталған деректерден басқа ауыл шаруашылығы, қорғаныс және ауа райына қатысты мәлімет жеткізеді.
Тегтер #игерілмеген жерлер #спутник #орман қорыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz