Былтырдан бері ел аумағында ауқымды геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, әлеуетті деген негізгі 38 учаске анықталған, деп хабарлайды 24kz.
Оның ең ірісі – Қарағанды облысындағы Құйрықтыкөл кен орны. Мұнда жерасты металдарының қоры 28,2 млн тонна болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл жайында бүгін Астанада өткен халықаралық геологиялық кеңестің 28-ші сессиясы барысында айтылды. Жиынға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің делегациялары қатысты. Отырыста саладағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы әріптестіктің жай-күйі талқыланды. Сонымен қатар геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы мен алдағы жоспарлар айқындалды.
Қанат Ерубаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының орынбасары:
- Мемлекет басшысы өз Жолдауында заманауи цифрлық карталар жасау жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл ретте біз 50 мыңдық масштабтағы карта әзірлеуге көштік. Ол үшін осы жылға Үкімет резервінен 240 млн теңге бөлінді. Қазір 20 учаскеге арналған жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Жалпы қамтылатын аумақ 100 шаршы шақырым. Яғни, әр өңірден 4 учаске болады. Ал жалпы саланың дамуына, инфрақұрылымдарды жаңартуға келер жылы 52 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Тегтер #кен орныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz