RU
Толық нұсқаға өту

Астанада қайтарылған активтер есебінен стадион салынады

25.09.2025, 17:25 330

Бас қалада қайтарылған активтер есебінен стадион салынып жатыр.

Жаңа нысаннның құны - 16, 4 млрд теңге. Осынша қаржы ел қазынасына қайтарылған қаражаттан қаралған. Нысан жыл соңына дейін аяқталып, аяқдопшылардың игілігіне беріледі.

Бұрын мұнда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы арена бар еді. Кеңес кезеңінде салынған стадионның кейін қабырғасы қақырап, құлаудың алдында болған. Биыл жауаптылар нысанды сүріп, орнына жаңа спорт кешеннің құрылысын бастады. Әне-міне дегенше қолданысқа да беріледі.

Бақдәулет Арыстанұлы, Астана қаласы құрылыс басқармасының бас маманы:

- Обьект екі трибунадан тұрады. Батыс трибуна 3 қабатты. Шығыс трибуна бір қабаттан тұрады. Жалпы спорт кешені тек футбол үшін емес, бізде арнайы дамытуға, бұқаралық іс-шаралар өткізуге қолайлы болып жобаланған. Жалпы құрылыстың қарқынына келетін болсақ, құрылыс қарқыны жоғары деңгейде. Қазіргі кезде ғимараттың қаңқасы 85 пайызға құрылып тұр. 

2 гектардан аса аумақты алып жатқан арена 3600 адамға арналған. Бұл дегеніңіз осынша жанкүйер байрақты бәсекелерді бірге тамашалай алады деген сөз. Ең бастысы кешеннің төбесі жабық. Яғни, жаттығу, жарыс дегеніңіз жыл он екі ай үзіліссіз жүре береді. 

Балғын Ибраимов, жобаның бас инженері:

- Біздің спорт алаңымыздың полясына келетін болсақ, соңғы газонмен жабдықталған және суару системасы бар. Біздің футбол алаңымыз 3600 адамға жоспарланған. Ғимараттың ішінде кіріп, шығу адам патоктары реттелген. Прект бойынша құрастырылған. 

Зәулім үй министрліктің меншігіне берілді

Мемлекет меншігіне қайтарылған қаржымен қатар ғимараттар да ел игілігіне жаратылып жатыр. Мәселен, бұрынғы шенділердің бірінен  тәркіленген зәулім үй Оқу-ағарту министрілінінің балансына берілді. Енді ол ерекше балаларды оңалтуға арналған орталыққа айналады. 

Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі: 

- Қайтарылған активтер қорынан осы ғимарат министрлікке өтіп жатыр, қазіргі таңда рәсімдеу жүргізілуде. Осы ғимарат болашақта арнайы және білім беруді дамытуды ұлттық ғылыми практикалық орталығы филиалы болады. Бұл ерекше білім беруді қажет ететін балалар санының артуына байланысты елімізде арнайы және инклюзивтті білім беру ұйымдарының желісін кеңейту мақсатында қабылданған шешім. 

Қайтарылған қаржының да игілігін ел көруі қажет. Уақытында заңсыз иеленген тұрғын-жай да жұрттың қажетіне жарауы керек. 

Шернияз Жалғасбекұлы, Ержан Қанафияұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz