RU
Толық нұсқаға өту

Әскерге шақырылатын азамат әскери бөлімді өзі таңдайтын болады

25.09.2025, 18:15 1034

Отан алдындағы азаматтық борышын өтегісі келетін бозбала әскери бөлімді өзі таңдай алады.

Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz атты жаңа интернет-порталын іске қосты.  Азаматтар жүйе арқылы   мерзімді немесе келісімшарттық әскери қызметке онлайн өтінім жолдай алады. Ведомство басшылығының мәлімдеуінше, бұл жаңашылдық әскерге шақыру рәсімін жеңілдетіп, комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Мерзімді қызметтің жаңа форматтағы «SARBAZ+» жүйесі  Алматы облысындағы әскери бөлімдердің біріне пилоттық жоба ретінде енгізілді. Тиімділігі дәленденсе, еліміздің барлық өңірін қамтиды.

Айсат Жолдасқали, 58012 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері: 

- 18-ге толған жасөспірімдер қазіргі таңда өзінің баратын жерін, баратын бөлімін өз еркімен ғаламтор арқылы таңдауға болады. Ал ол жастарға қандай жеңілдік алып келеді? Яғни қазір психологиялық және моральдық түрде өте жеңіл болады, өте ыңғайлы болады. 

Наурызхан Төлеуов, 58012 әскери бөлімінің батальон командирі: 

- Қазіргі жағдайда Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен шығарылған цифрландыру платформасы өте ыңғайлы. Біріншіден, оның тиімділігі жаңағы әскери қызметші, сарбаз, өз жерінде қызмет атқаратындығы, біріншіден ол жақын-жуығымен апта сайын кездесіп тұруы, сейілдемеге шыққан кезде өз ата-аналарымен кездесіп тұруы, оның барлығы моральдық-психологиялық тұрғыда өте көтереді сарбазды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz