RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да мектептерге білікті басшылар даярланды

26.09.2025, 08:25 343

Батыс Қазақстан облысында білім беру жүйесі үшін жаңа буын басқарушылары қалыптастырылды.

Өңірлік кадрлық резервке 44 маман қабылданды. Жаңа салынған «Келешек мектептері» жобасының мектептерін дәл осы жас директорлар басқарады.

Зашаған кентіндегі №52 мектеп директоры Самал Рахметуллина осы қызметке жарты жыл бұрын тағайындалған. 20 жылдық тәжірибесі бар педагог бүгінде 1,5 мың оқушыны қамтитын білім ордасын басқарып отыр. Ол химия және биология пәндерінен сабақ беруді әлі күнге дейін жалғастырып келеді.

Самал Рахметуллина, мектеп директоры:

- Бұл курс болашақ мектеп басшыларын дайындауда септігін тигізді. Себебі бұл теорияны білмей бірден басшы болған жағдайда қиналатын еді. Осы курс аясында түрлі құндылықтарды оқыту арқылы түрлі курстың мазмұны, теориясы арқылы менің қалыптасуыма үлкен септігін тигізді.

Қазір өңірде арнайы дәріс алған 36 мектеп директоры жұмыс істейді. Бәрі  кадрлар резервінің құрамында.

Елдос Сафуллин, білім басқармасының басшысы:

- Барлығы 44 резервист сертификатталып отыр. Өзге өңірлермен салыстырғанда бізде өте көп. Себебі ол бірнеше этаптан тұратын үлкен жауапты процесс. Ол жерден интелектуалды әлеуеті жақсы педагогтер өтіп тұр. Енді олардың барлығын білім беру ұйымдарына тағайындауға таратамыз.

Қазір өңірде төрт жаңа мектеп жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы бес заманауи білім беру мекемесі ашылады деп жоспарлануда. Оларды да дәл осы кадрлық резервтен шыққан жас директорлар басқармақ.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Альбина Кумаргалиева, Болат Жарылгасов, Эльдар Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz