Отандық туризм қарқынды дамып келеді. Туристер саны бойынша Алматы көш бастап тұр.
Мұнда жергілікті қонақүйлер 1 млн келушіні қабылдаған. Екінші орында Астана. Елордаға 700 мыңға тарта азамат ат басын бұрған. Рейтингте үшінші тұрған Шымкент шаһарына 253 мыңға жуық адам барған. Ал туристер ең аз баратын облыс - Ұлытау. Барлығы 13,6 мың келуші тіркелген.
Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда орналастыру орындарының жалпы саны 4 мыңнан асты. Демалыс орындары 4 миллионға жуық адамды қабылдаған. Оның 14 пайыздан астамы - шетелдіктер.
Туристер саны бойынша көш басындағы қалалар:
1) Алматы - 1 млн
Астана - 667,2 мың
Шымкент - 252,9 мың
Туристер ең аз баратын өңір:
Ұлытау облысы - 13,6 мың адам
2) Орналастыру орындарының жалпы саны - 4167
Демалыс орындары - 3,9 млн адам
Шетелдік туристер - 14,2%
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #туризм #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz