2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғалы білім саласында қандай өзгерістер болды? Қазір елде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша жарты миллионнан астам студент оқып жатыр.
Тапшы мамандардың орнын толтыру мақсатында гранттар саны 145 мыңға дейін жетті. 2024 жылы шәкіртақы екі есеге көбейіп, жұмысшы мамандықтар бойынша оқитын білімгерлерге ыстық тамақ берілуде. Сондай-ақ 2 мың орындық жатақхана берілмек. Ал дуальды оқыту жүйесі арқылы 130 мың студентіміз 18 мың кәсіпорында тәжірибесін толыстыруда. Бұл бағытта Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия және басқа да елдермен серіктестік орнаған.
Санжар Тәтібеков, «Тalap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті:
- Мақсатымыз колледждердің көмегімен жақсы кадрларды даярлай отырып, еліміздің экономикасын көтеретін тұлғаларды даярлау. Әрине, қиын тұстары да бар. Сұрақтар да бар. Бұл ретте бизнес көбірек тартылса колледжерімізге, қоғам түсінсе жас буынды колледжге беру арқылы қажетті жұмысқа орналасуды қамтамасыз ететінімзді қоғам түсінсе деген ойдамыз.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz