RU
Толық нұсқаға өту

Сауда орындарында Вereke Fest басталды

26.09.2025, 15:20 444

Елде «Береке фест» акциясы басталды. Ірі сауда орындарында ұйымдастырылатын шарада отандық тауар өндірушілердің өнімі жұртшылыққа төмен бағада ұсынылады.

Акцияның өту барысымен Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев танысты. «Береке фест»  шарасына шаруа қожалықтары да қатысып, өз өнімдерін халыққа саудалауға мүмкіндік алған. Олар ет, сүт өнімдері, жұмыртқа және көкөністі төмен бағамен ұсынды. Айта кетейік, Сауда және интеграция министрлігі елдегі 80-ге жуық сауда орнымен келісім жасаған. Қыркүйектің 25-сінде басталған акция қазанның соңына дейін жалғасады.

Ернұр Жәутікбаев, ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары:

- Астана қаласы бойынша үлкен сауда орындары еттің бағасын ең қымбаты деген – 3800 теңге болса жұмсақ еті, ал енді әлеуметтік азық-түлік тауарларына келетін болсақ төс етіне баға деген 3300 теңгені құрайтын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz