RU
Толық нұсқаға өту

Әлеуметтік масылдыққа қатысты халық пікірі қандай?

26.09.2025, 21:09 668

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік төлемдер мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды 24kz.

Президенттің айтуынша, еңбекке қабілетті азаматтардың бір бөлігі мемлекет есебінен күн көруді әдетке айналдырып барады. Осыған қатысты арнамыздың тілшілері тұрғындармен тілдесіп, пікірлерін білген еді. 

- Егер де мүмкіндігі шектеулі болса, мен түсінемін мемлекеттен үміт күту керек, сұрау керек. Ал егер он екі мүшең сау, оқуға мүмкіндігің болса, бұлай отыруға болмайды. Жұмыс істеу керек міндетті түрде.

- Басқа дамыған елдерде «мемлекет мені асырау керек»  деген түсінік жоқ. «Мемлекет саған тек инфрақұрылым жасап беру керек деп ойлаймын. Жол, жұмыс орындары, саябақтар. Ал қалғандары адамның өзінің әрекеті. Киімі, тамағы, жұмыс іздеуі, білімі.

- Мемлекетке қол жайып отыру дұрыс емес сияқты. Адам өзі еңбек етіп, жетістікке жету керек қой.

- Мен мысалы, декреттегі анамын. Мен үйде отырғым келмейді. Қазір XXI ғасыр. Баланы балабақшаға беріп, өзің қалаған жұмысыңды жасауға болады. Мобилография, бизнес, тауар сату.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz