RU
Толық нұсқаға өту

Ақмолалық диқандар биыл рекорд орнатуы мүмкін

26.09.2025, 21:25 517

Олар қазірдің өзінде 5 млн тоннадан астам астық жинап үлгерді, деп хабарлайды 24kz.

Ал егін ору маусымы аяқталғанша қамбаға тағы 2 млн тонна өнім құюды жоспарлап отыр.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Думан Молдағалиев 7600-ден астам гектар алқапта егін орып жатыр. Айтуынша, биыл ауа райы да, техникалық жағдайы да жылдағыдан жақсара түскен. Мемлекеттің қолдауымен жаңа 3 комбайн мен 2 трактор сатып алды. Тыңайтқыш үшін тағы субсидия берілген. Ендігі міндет дәнді-дақылды шашпай-төкпей жинап алу.

Думан Молдағалиев, «Новоишимка-АЭ» ЖШС директоры:

- Ауа райы жақсы. Сосын жаңа техника келгені бізге жақсы көмектеседі. Сосын былай да жұмыс көп істелді. Мына тыңайтқыш болған. Химиямен жұмыс істедік көп.

Ермұқан Жұмабеков, механизатор:

- 7:00-7:30-да бастаймыз. Содан 11-ге дейін істейміз. Енді мынау ауа райы тұра бермейді ғой. Құрғақтай жинап алған дұрыс қой.

Өңірде қазір 3,2 млн гектар егістік орылды. Яғни, маусымдық жоспардың 70% жуығы орындалды. Биыл рекордтық көлемде өнім жиналуы мүмкін. Өйткені бидай бітік шықты. Диқандар әр гектардан шамамен 16 центнер астық алып жатыр.

Дулат Сердәлі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 5 млн тонна астық жиналды. Бұл ретте астықтың басты бөлігі биыл жоғары сапаға сәйкес. Келесі жылы егін егуге шамамен 521 мың тонна тұқым дайындалды. Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 95 мың гектар алаң немесе жоспардың 19%-і жиналды. Майлы дақылдардың жалпы жиыны 102,6 мың тоннаны құрады. Жалпы өнімділігі 10,8 центнерді құрайды.

Егістік алқаптарына 7 мыңнан астам комбайн мен 5 мыңға жуық жүк көлігі тартылған. Диқандар үшін Үкімет тарапынан арзан бағада 94 мың тонна дизел отыны бөлінді. Дәнді-дақылды қабылдайтын 66 элеватор жұмыс істеп тұр.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Ғалымжан Әбділахат

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz