Машина жасаушылардың еңбегі еленді. Сала мамандарын Өнеркәсіп және құрылыс министрі марапаттады, деп хабарлайды 24kz.
Өңірлерден келген 28 маманға медальдар мен мемлекеттік наградалар табысталды. Олардың қатарында токарь, инженер, механик, слесарьлар сондай-ақ басқа да сала ардагерлері бар. Биылғы жылдың алғашқы 7 айында өндіріс көлемі 22%-ке артқан. Отандық кәсіпорындар ондаған мың автокөлік, жүздеген вагон, трактор, комбайн, локомотив, аккумулятор, тұрмыстық техника және басқа да өнімдер шығарған. Жыл басынан бері салада 20-дан астам жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылды.
Айсұлу Ақбарова, зауыт бригадирі:
- Қатты толқу үстіндемін, еңбегімізді бағалағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Жалпы осы жылды Президентіміздің Жарлығымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осындай салада жұмыс істейтін кісілердің арқасында, солардың қызметтерінің арқасында еліміз дамуда.
Тегтер #Өнеркәсіп және құрылыс министрі #марапатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz