Ұлттық экономика министрлігі арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарды, деп хабарлайды 24kz.
Ведомство жаңа Салық кодексі шеңберінде Үкімет қаулыларының жобасын ұсынып отыр. Олар: жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері және өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтер тізімі. Қос құжат ашықтықты арттыруға және кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Нәтижесінде жеңілдетілген режим барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-іне беріледі. Сонымен қатар жалпы белгіленген режимге көшкен кезде айналымы жылына 40 млн теңгеге дейінгі салық төлеушілер қосымша құн салығынан босатылады. Бұл бастама салық жүйесінің ашықтығын арттырып, әкімшілендіруді жеңілдетуге және шағын бизнеске қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Нұрлыбек Шаймаханов, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры:
- Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі қолданыстағы екі режимді біріктіреді. Оңайлатылған декларация, бөлшек салық режимі, бұл режимді қолдануға 600 мың АЕК-тен табысы аспайтын кәсіпкерлер қолдана алады. Сондай-ақ режимге тыйым салынған қызмет түрлеріне келетін болсақ, бұл тізбеге ірі бизнеске тән салалар енгізіліп отыр. Бұл өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі, көтерме сауда.
Тегтер #тізімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz