RU
Толық нұсқаға өту

Парламенттік реформа туралы халық пікірі. Блиц

27.09.2025, 15:00 485

Жолдауда көтерілген бастамалардың бірі Парламенттің ықпалын арттыру.

Халық бір палаталы жүйені тиімді деп санайды. Бұл қадам заң шығаруды жеңілдетіп, ел дамуына жаңа серпін береді деген үміт бар.

БЛИЦ: 

- Барлық дамыған елдерде бір палаталы партия ғой. Мен қолдаймын. Президенттің айтып өткені дұрыс. Бір жылдан кейін осыны көрейік деп жатыр ғой. Біз дамушы мемлекет қатарындамыз. Даму үшін бір палаталы мемлекет керек.

- Болашақта бір палаталы парламент жеткілікті деп ойлаймын. Былай қарасаң, ол бір палаталы парламент те құра ма қалай болады, депутаттар бола ма, партиялық тізім бойынша ма, халық өз пікірін айта ма, келісім болу керек. Қоғамның келісімі болу керек. 

- Мен енді өзімнің пікірім бойынша, бір палаталы дұрыс деп санаймын. Бір палаталы болған соң бір жерден шығады заң, бір жерден қолдау табады, халықтың қолдауы болады.  

- Қазір екі парламент болғанда жоғарыдан қалай қабылдайды белгісіз ғой. Бір палаталы болса, бәрі ашық болады деп ойлаймыз. 

- Заң қабылдау жүйесінде өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бізде Мәжіліс қабылдаған заңдарды Сенат кішкене тоқтатып қоюы мүмкін. Бұл жағдайда Мәжілістің қабылдаған заңы Президент қол қойғаннан кейін жүйесіне кіріп кетеді. Оңайлау болады елді басқаруға.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz