Алматыда Киноплекс кинотеатрлар желісінің жаңа орталығы ашылды. Еліміздің 7 қаласында тұрақты жұмыс істеп келе жатқан бұл желі көрерменге заманауи техникамен жабдықталған кең зал, ыңғайлы орындық пен сапалы дыбыс ұсынады.
Яғни шетелдік блокбастер болсын, отандық туынды болсын енді барлығын дәл осы жерден жайлы жағдайда тамашалауға мүмкіндік бар.
Бұл - еліміз бойынша Киноплекс желісінің 11-ші кинотеатры. «Кинотеатр сенің қасыңда» жобасы аясында Жетісу ауданындағы «Максима» сауда орталығында ашылған нысан 400-ге жуық көрерменге арналған. Ашылу салтанатында қонақтарға викторина ұйымдастырылып, алғашқы көрермендер жаңа залдардың мүмкіндіктерін бағамдап көрді.
Эльмира Бақтыбаева, «Мaxima» сауда үйінің директоры:
- Кинотеатрдың ашылуын біраз күттік. Біздің аудиториямыз да күтті. Сондықтан өте қуаныштымыз. Ең бірінші орында тұрған кинотеатр осы ғой. Сол себепті аудиториямызға сапалы түрде көрсеткіміз келді. Көбінесе біздің сұрақтарымыз бойынша бірінші орында «Киноплекс» болды.
Жаңа кинотеатрдың тағы бір артықшылығы - «Black Box» концепциясы. Қараңғы залда барлық назарды экранға аударуға мүмкіндік беретін бұл тәсіл көрерменді фильмнің қалың ортасында жүргендей күйге бөлейді. Әсіресе, заманауи дыбыс жүйесі мен жаңа буын проекторлары экрандағы әр сәтті анық әрі айқын жеткізеді.
Айдын Бекпауқов, «Кinoplexx Тheatres» кинотеатрлар желісінің басқарушы директоры:
- Жаңа кинотеатрымыз заманауи дизайнмен, жайлылықпен және озық технологиялықты біріктіреді. Кинотеатрда 398 орынға арналған 5 зал бар. Ол залдарда және жаңа жобалармен жаңа экрандар орнатылған. Келесі жылда біз тағы 6 кинотеатрды жоспарлап жатырмыз.
2006 жылдан бері көрермен ықыласына бөленіп келе жатқан Киноплекс қазақстандықтар үшін сапа мен жайлылықтың көрінісіне айналды. Ал ашылу қарсаңында сенбі-жексенбі күндері билет бағасы небәрі 1000 теңге болып белгіленіп, қала тұрғындарына ерекше тарту жасалды.
Авторлары: Алуа Ералықызы, Мұхит Құдықбаев
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #кинотеатр #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz