RU
Толық нұсқаға өту

Qarmet компаниясы этномәдени бірлестікке шағын автобус сыйлады

27.09.2025, 21:28 380

Компанияға қарасты өндіріс орындарында әртүрлі ұлт өкілі еңбек етеді.

Олар бірлестік өткізетін мәдени және этнографиялық шараларға белсенді түрде қатысады. Бүгінде Qarmet этномәдени бірлестігі компанияның мақтанышына айналған. Енді ұжымның алыс сапарға шығатын өз көлігі бар.

Су жаңа  шағын автобустың кілтін этномәдени бірлестікке  компанияның басқарма төрағасы Вадим Басин табыстады. Заманауи JAC Sunray көлігі 16 жолаушыға арналған. Енді мұнымен орталық ұжымы облыстың түкпір-түкпірін аралай алады.

Вадим Басин, Qarmet компаниясының басқарма төрағасы:

- Біздің бұрынғы қызметкерлеріміз бен Теміртау тұрғындарынан құралған ұйымшыл ұжымымыз бар екеніне мақтанамыз. Олар қоғамдық өмірге белсене қатысып, мәдениетті дамытуға және ұлтаралық қатынастарды нығайтуға атсалысып жүр.  Жұмыстарыңызға қолдау ретінде осы көліктің кілтін табыстап отырмыз.

Компанияға қарасты кәсіпорындар мен шахталарда 35 000 адам еңбек етеді. Олардың арасында 80-нен астам этнос  өкілдері бар. Qarmet этномәдени бірлестігі осынау алпауыт ұжымның атынан  көптеген қоғамдық шараға атсалысып жүр. Алыс сапарларға шыққанда жеке көліктің болуы өте маңызды.

Әлішер Жақыпбеков, Qarmet этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Бұл бізге өте жақсы. Өйткені Қарағандыға сессияға барған кезде үлкен кісілер жүре алмай қалғанда барлығын алып барып, алып келуге қолайлы. Қазір алдыға қойған мақсатымыз қала ішінде ғана емес, ауылдарға барғымыз келеді.

Qarmet этномәдени бірлестігіның  негізгі мақсаты – Қазақстан халықтарының салт- дәстүрі мен өнерін сақтау және дамыту, достық пен өзара құрметті нығайту. Ұжым мәдени және этнографиялық шараларға  белсенді түрде қатысып жүр.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz