RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында тарихи конференция басталды

27.09.2025, 21:33 555

Ұлытауда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және дала өркениеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтуде. 

3 күнге жоспарланған шара барысында Жошы хан ұрпақтары құрған империяның тарихы туралы баяндамалар тыңдалады. Шет елден келген ғалымдар Ұлытаудың тарихи орындарына саяхат жасап, алтын орда мұраларын сақтау, зерттеу және насихаттау жолдарын талқылайды.

Ұлытау даласында республикалық маңызға ие 12 тарихи-мәдени кешен бар. Жошы кесенесі секілді әлемнің ешбір елінде кездеспейтін Шыңғыс қағанның әулетіне тиесілі мұралар біршама. Концеренцияның мақсаты осы Жошы мұрасы мен Алтын Орда тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу.

Дастан Рыспеков, облыс әкімі:

- Бұл жиында айтылатын ғылыми ойлар мен пікірлер тарихымызды терең түсінуге, жаңа зерттеулерге бастау боларына, өткен тарихымызды жаңаша қырынан зерделеп ғылыми қауымдастыққа тың серпін береріне сенімім мол.

Конференцияға 20-дан астам ғылыми баяндама тыңдалды. Тарихи ескерткіштерді сақтауды жақсарту бойынша нақты шаралар талқыланды. Өзбекстан, Ресей, Түркия, Венгрия және Қырғызстан мен Башқұртстаннан келген ғалымдар тарихи мұраларды жаһанға насихаттаудың алғы шарттарын ұсынды. 

Ақтоты Райымқұлова, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті:

- Іс-шара аясында Алтын Ордаға, жалпы Жошы ұлысына байланысты тарихи ізденістерді одан әрі нығайту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Конференцияның екінші күні Түркі әлемінің музыкалық, рухани құндылықтарына және күйші-жырау Кетбұқа бидің тарихи-мәдени мұрасына арналады. Жер-жерден келген делегаттар сонымен қатар Жошы, Алашахан мен Домбауыл кесенелеріне саяхат жасап, Талмас ата мен Болған ана тарихына қатысты көрмені тамашалайды.

Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz