RU
Толық нұсқаға өту

Ел экономикасының әр саласында 9,7 млн адам еңбек етіп жүр

28.09.2025, 11:36 609

Адал еңбек арлы адамның ісі. Қазір ел экономикасының әр саласында 9,7 млн адам жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды 24kz.

Президент тапсырмасымен биыл жұмысшы мамандықтар бойынша 1,6 мың кәсіби стандарт жаңартылды. Осының негізінде білім беру бағдарламаларының 87%-і қайта жазылды. Биыл тағы 100 кәсіптік стандарт әзірленеді.  

Сонымен бірге колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын дайындайды. 91 ЖОО-да 900-ге жуық оқу бағдарламасы жаңартылып, 510-ы әзірленді. Жұмысшы мамандықтары жылы, яғни, биыл 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын бір студентке тиесілі қаржы 437 мың теңгеден, 912 мың теңгеге өсті. Оның үстіне болжам бойынша жақын болашақта жұмысшы мамандарға сұраныс тек қана арта түспек. Алдағы 6 жылда 1,6 млн жұмыс күші керек. Сондықтан адал еңбек, маңдай тер қашанда құрметке лайықты болмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz