RU
Толық нұсқаға өту

Еңбек күніне орай халық пікірі

28.09.2025, 12:43 432

Еңбек – ел дамуының басты тірегі. Әр мамандық иесінің маңдай терімен атқарған ісі – халықтың тұрмысына қосылған үлес. Ендеше дәл қазір әлеуметтің пікірін тыңдайық.

- Менің әкем мұнай саласында бұрғышы. Ол жер қойнауынан ел ырысын өндіріп халықты Энергиямен қамтамассыз етіп келеді. Бұл еңбегі халықтың тұрмыс тіршілігіне қосқан үлкен үлесі деп білемін.

- Менің әкем слесарь-моторист. Ол үлкен шеберлікті талап ететін, техникамен тығыз байланысты жұмыс істейтін мамандық. Еңбегің елге қызмет. Мен әкеммен мақтанамын. Мерекеңіз құтты болсын, Әке.

- Еңбек адамы ол біздің экономикамыздың болсын, барлық салалардың жалпы дамуының, алға ілгерілеуінің бірден бір қозғаушы күші деп білеміз.

- Атам жолаушыларды тасымалдау бойынша жүргізуші. Ал анам бақылаушы. Яғни, кондуктор деп айтсам болады. Мен олардың жұмысымен шын жүректен мақтанамын. Оларды мақтан тұтамын. Және осы алдымызда келе жатқан мереке, Еңбек күнімен барша қазақстандықтарды құттықтағым келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz