Халқымыз «Еңбегіне қарай – құрмет, Жасына қарай – ізет», «Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, адал еңбек – бүкіл жетістіктің бастауы, табысқа жетудің кілті.
Қазір бізбен ырыс-құт дарыған, астықты аймақ ақмолалық еңбеккерлермен бірге әріптесіміз тікелей қосылауға дайын.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Дәл қазір облыс орталығындағы элеваторлардың бірінен сөйлеп тұрмын. Мұнда сағат сайын алқап басынан өнім жеткізіліп жатыр. Соңғы жылдары астықтың шығымын емес, шығынын санап қалған шаруалар үшін биыл өте қолайлы, табысты жыл болды. Жалпы өңір диқандары осы жылы 5,5 млн гектар алқапқа дән септі. Қазір соның 80%-і орылып, қамбаға 5,5 миллион тонна алтын астық құйылды. Сондай-ақ егістікті әртараптандыруға байланысты майлы дақылдардың үлесі екі жарым есеге артқан. Мемлекет тарапынан да шаруаларға айрықша қолдау көрсетіліп жатыр. Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 240 млрд теңге бөлінді. Қомақты қаржының 60 миллиард теңгеге жуығы қайтарымсыз субсидия. Бұл шаруалардың кәсібін ширатып, мол өнім алуына мүмкіндік береді.
Өңірде егін орағына 7,5 мыңнан астам комбайн қатысып жатыр. Үкіметтен 84 мың тонна жеңілдетілген бағада сұйық отын бөлінді. Сондай-ақ қазір өңірде осындай 66 астық сақтау қоймасы өнімді қабылдап жатыр. Оның жалпы сыйымдылығы 4,3 млн тонна. Диқандар бәрі жақсы болса, 7 млн тоннаға жуық астықты қамбаға кұюды көздеп отыр.
Тегтер #Ақмола облысы #егін орағы #диқандар #Еңбек күні #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz