Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қатысты 49 қылмыстық іс қозғалды.
«Оның басым бөлігі ішімдік салдарынан жасалған», дейді мамандар. Талай отбасының шырқын бұзған өзекті мәселе «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен үйлестіру кеңесінде талқыланды. Прокурорлардың айтуынша, қазір облыс бойынша отбасылық жанжалға қатысты заң бұзушылықтар азаймай тұр. Осыған байланысты тұрмыстық жанжалға қарсы жасанды интеллект енгізіп, қолдау орталықтарының жұмысын жандандыру керектігі айтылды.
Саян Асқаров, облыстық прокуратура басқармасының бастығы:
- Ресми деректерге сүйенсек, өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өткір күйде қалып отыр. Ағымдағы жылдың 8 айында облыста 49 қылмыстық және 1756 әкімшілік құқық бұзушылық істерді тіркеді. Қылмыстардың көбісі мас күйде жасалады.
Тегтер #СҚО #тұрмыстық зорлық зомбылық #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz