RU
Толық нұсқаға өту

Елде мұнай өндірісі ұлғайды

29.09.2025, 09:15 415

Қазақстан да мұнайдан қыруар пайда көріп отыр. Ұлттық қорға түсетін ақшаның басым бөлігі осы қара алтынға тиесілі.

Өндірісті жыл санап ұлғайту жоспары бар. Таяу жылдары 100 млн тоннаға жетуге тиіс. Бұл мақсатта Теңіз, Қашаған мен Қарашығанақтағы өндірісті күшейту жұмыстары жүріп жатыр. 

Былтыр елде 87 млн тоннадан астам мұнай өндірілді. Ал биыл 96 млн тоннадан асыру көзделген. Қаңтар-маусым аралығында өндірілген мұнай көлемі 50 млн тоннаға жуықтады. Бұл былтырғы алты аймен салыстырғанда 11 пайыздан асады. Экспорт та 40 млн тоннаға таяп, 12 пайыз өсті. Алайда мұнай бағасы қазір арзандап тұр. Орта есеппен барреліне 65-69 доллар. «Бұл – мұнайдың әлемде көптеп өндіріліп, сұраныстан асып кетуінің салдары», - дейді сарапшылар.

Мұнай өндірісі

2024 жылы – 87,7 млн тонна

2025 жылы – 96,2 млн тонна

2025 жыл, қаңтар-маусым – 49,9 млн тонна

Экспорт – 39,6 млн тонна 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz