Хаби Алонсо бастаған Реал Мадрид футболшылары Алматыға келді. Реал ойыншылары мінген ұшақ түн ауа әуежайға қонды.
Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем, Винисиус Джуниор және Тибо Куртуа сияқты әлемдік футбол жұлдыздарының жолын тосқан жанкүйерлер әуежайға жиналды. Түннің бір уағына қарамастан жастар Реалдың футболшылары тоқтаған қонақ үй маңайында да күтті. Ертең кешке УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында алматылық Қайрат Реал Мадритті қабылдайды. Әзірге екі команда да жасыл алаңға кімдер шығатынын жариялаған жоқ.
Ойын 30 қыркүйек сағат 21:45-те басталады. Айта кетейік, кездесуді көргісі келгендердің көп болғаны соншалық билеттер бірнеше сағаттың ішінде сатылып кеткен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #футбол #Реал Мадрид #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz