Инвестициялық ынтымақтастық жайын айтар болсақ. Бүгінде біздің елде итальяндықтардың қатысуымен 251 компания жұмыс істейді.
Олар негізінен құрылыс, сауда және ғылыми-техникалық қызмет салаларында шоғырланған. 20 жыл ішінде Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 7,6 млрд АҚШ долларынан асты. Ал осы аралықта Қазақстаннан Италияға құйылған инвестиция көлемі 63 млн долларға жетті. Қазір екі ел бірлесіп 24 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үстінде. Олардың жалпы құны – 2,1 млрд доллар.
Былтыр бұлардың санын арттыру мақсатында бірқатар ірі шаралар өткізілген. Мәселен, Рим және Милан қалаларында кездесулер ұйымдастырылды. Қазақстан тарапының делегациялары Италияға 6 рет сапарлаған. Ал елімізге 18 итальяндық инвестор келіп-кеткен. Бұдан бөлек 2024 жылы Римде Мемлекет басшысының қатысуымен 35 ірі итальяндық компанияның өкілдері бас қосқан инвестициялық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Инвестициялар (2005 – 2025 I тоқсан)
• Италиядан Қазақстанға: $7,6 млрд
• Қазақстаннан Италияға: $63 млн
Бірлескен жобалар
• 24 жоба
• Жалпы құны: $2,1 млрд
2024 жылғы іс-шаралар
• Рим және Миланда 2 ірі кездесу
• Қазақстан делегацияларының сапарлары – 6
• Итальян инвесторларының сапарлары – 18
• Италиялық компаниялармен кездесулер – 50
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #бизнес #Италия #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz