Елімізге жыл басынан бері 7,5 млн шетелдік саяхаттап келген. Қазақстанда ішкі және сыртқы туризм көрсеткіштері жылдан-жылға артып келеді.
Экотуризм, тау-шаңғы, мәдени-танымдық, іскерлік, тіпті ғарыш туризміне қызығушылық өскен. Президент тапсырмасымен қазіргі таңда курорттық өңірлерді дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Арнайы жол картасы әзірленіп, жобаға 141 іс-шара енгізіліпті. Оны іске асыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден, жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделіп отыр. Мұндағы мақсат - табиғаты тамсануға тұрарлық, салқын самалы мен қара суының өзі шипа саналатын киелі мекендерді дәріптеу.
Нұртас Кәріпбаев, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
- Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар курорттық аймақтарға тексеру сапарлары ұйымдастырылды. Тексеріс барысында бірқатар мәселелер анықталды. Олардың ішінде қоқыс контейнердің тапшылығы, құтқару мұнаралары мен медпункт болмауы. Сумен қамтамасыз етудің және орталықтандырылмаған кәріз жүйесінің болмауы, кіре беріс жолдардың және елді-мекен ішіндегі жолдардың жағдайы сақталып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #туризм #экология
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz