Шымкентте алимент төлемеген 291 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 81 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 31 млн теңге өндірілді.
Сот үкімімен 1 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Прокурорлардың мәліметінше, қала бойынша алимент қарызы 4,5 млрд теңгеден асады. Алимент өндіру ісіне салғырт қараған 121 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір өңірде алименттің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыссыз әкелерге арналған еңбек жәрмеңкесі де ұйымдастырылады.
Бауыржан Мырзалиев, қала Прокурорының көмекшісі:
- Прокуратура органы тарапынан борышкерлерді жауапқа тарту жұмысынан бөлек, алимент төлеуге жәрдемдесу жұмыстары да жүргізілуде. Мысалы, биыл Шымкент қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкені өткізу нәтижесінде 100-ге жуық борышкер жұмысқа жолдама алды және 90 борышкер «Еңбек-мансап» орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #алимент #Шымкент #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz