Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы 2011 жылы қолға алынған болатын. Содан бері құрылысы бірнеше мәрте іркіліп, қоғамда сынға ұшыраған еді, деп хабарлайды 24kz.
Оған бөлінген қаржыны жымқырып, шетел асып кеткендер тағы бар. Қазірде «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан қамауға алынған. Оған ірі көлемдегі бюджет қаржысын қолды қылды деген айып тағылды. Бұған дейін халықаралық іздеуде жүріп, биыл мамырда Түркияда ұсталды.
Айта кету керек, 2019 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген. Түркияның құзырлы органдары іздестіру шараларын жүргізді. Ал, биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның нақты қайда екенін анықтады. 9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Арданды бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға соттаған.
Тегтер #Астана LRT #Талғат Ардан #Түркия #Бас прокуратура #экстрадициялау #Заң және тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz