Қолданыстағы кодексте 7 арнаулы салық режимі бар, деп хабарлайды 24kz.
Енді оның үшеуі ғана қалады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа кодексте қолдануға оңай әрі барынша жеңілдетілген режимдер болады. Жалпы салық режимі бойынша түзетулер үш бағытты қамтиды. Олар өзін өзі жұмыспен қамтығандар, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы коопиративтері. Соның ішінде мобильді қосымшаларды пайдаланып, патент негізінде жұмыс істеп жатқандар үшін арнайы салық режимі әзірленді.
Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ МКК Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы:
- Біріншіден, осы салық режимін қолданатын адамдар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Екіншіден, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды. Бұл режимді қолдануға рұқсат етілген арнайы тізім болады. Ол Үкімет қаулысымен бекітіледі. Олардың табыстары 300 еселенген АЕК-тен аспау керек. 2026 жылы од 1,3 млн теңгені құрайды.
***
Таксистер жеке кәсіпкер деп саналмайды
Сондай-ақ 2026 жылдан бастап Қазақстандағы таксистер мен курьерлер жеке кәсіпкерлер болып саналмайды. «Қазір арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап есептен шығарылады және жеке тұлғалар ретінде есепке алынады. Бүгінде 117 мың жеке кәсіпкер тіркелген және олар түрлі платформалар арқылы қызмет етіп жатыр», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген. Жаңа ережеге сай өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арнаулы салық режимінде жалғыз міндеттеме сақталады. Ол табыстың 4%-ін әлеуметтік төлемдерге жұмсау. Бұл зейнетақы жарналары, МӘМС және әлеуметтік жарналар.
Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ МКК Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы:
- Сондай-ақ платформалармен жұмыспен қамту арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша, яғни, өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда Yandex, InDriver, Glovo, Wolt сияқты, сондай платформалар арқылы жұмыс істейтіндер үшін салықтық міндеттемелерді толықтай интернет платформалар операторы орындайды. Яғни салықтық агент ретінде.
Тегтер #Мемлекеттік кірістер комитеті #жаңа кодексPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz