RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте тұмауға қарсы вакциналау басталды

29.09.2025, 20:49 377

Шымкентте тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды, деп хабарлайды 24kz.

Екпе 6 айдан асқан сәбилер мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, дәрігерлер мен қарияларға, сондай-ақ тіркеуде тұрған науқастарға тегін салынады. Жергілікті бюджеттен емханаларға 150 мың вакцина жеткізілді. Өңірде жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмау көбейіп барады. Санитариялық мамандардың айтуынша, бұл эпидемиологиялық маусыммен байланысты. Жыл басынан бері 78 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Дені 14 жасқа дейінгі балалар.

Айнұр Пернеева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Жаздың тамыз айында мұндай күрт өсуінің себебі иммунитеті төмен адамдар кішкене күн салқындағаннан бастап тұмау ауруымен ауыра бастайды. Осы тұмауды жеңу жолы вакцина болып табылады. Сондықтан егуді салғаннан кейін аурушаңдық төмендейді немесе ауырған күнде де ол адамда аурушаңдық жеңіл түрде өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz