RU
Толық нұсқаға өту

Жаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды

29.09.2025, 22:00 440

Жаңаөзенде 50 мегаватт болатын күн электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.

Бірлескен жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен италиялық Eni жүзеге асырды. Энергетикалық нысан – жалпы қуаты 247 мегаватт гибридті электр станциясын салу жұмыстарының бірінші кезеңі.

Бірлескен жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен италиялық Eni жүзеге асырды. Энергетикалық нысан жалпы қуаты 247 мегаватт гибридті электр станциясын салу жұмыстарының бірінші кезеңі.

Елімізде бірегей жоба Мемлекет басшысының Италияға сапары кезінде жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде жүзеге асты. Күн, жел және электр станциялары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында салынуда.

Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

- 200-ден астам жұмысшы құрылыс жұмысын атқарды. Жалпы бүкіл жобада 700-ден астам жұмысшы болады. Эксплуатация кезінде 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл, Қазақстандағы инвестициялық климаттың тұрақтылығының нақты нәтижесі.

80 гектар аумақта 80 мыңнан астам күн панелі тұр. Фотоэлектрлік технологияның тиімді тұсы, әрқайсы екі жағынан да энергия шығарады. Станция жылына 86 млн киловатт/сағат қуат көзін өндіріп, «ҚазМұнайГаз»-ға қарасты «Өзенмұнайгаз» бен «Қазақгаз» өңдеу зауытын энергиямен тұрақты қамтамасыз етеді.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мұнайшыларға сенімді, тұрақты түрде электр энергиясы керек. Бұл жаңа технология. Жаңа жұмыс орындары және экологиялық жоба деп айтуға болады. Себебі жаңартылған энергия көздері қоршаған ортаға лас заттарды шығармайды. Сондықтан өңір үшін де, Қазақстан үшін де бұл жобаның маңызы өте зор.

2026 жылы қуаты 77 мегаваттық жел және 120 мегаваттық газ электр станциясы іске қосылады. Бұдан соң гибридті энергия кешені толық қуатына шығады. Айта кету керек, бірлескен жоба Қазақстанның көміртегі бейтараптығының 2060 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыруға өз үлесін қосуда.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz