Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік төлемдер мәселесіне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, еңбекке қабілетті азаматтардың бір бөлігі мемлекет есебінен күн көруді әдетке айналдырып барады, деп хабарлайды 24kz.
Осыған қатысты арнамыздың тілшілері тұрғындармен тілдесіп, пікірлерін білген еді.
- Егер адамның мүмкіндігі шектеулі болса немесе еңбекке жарамсыз болса, онда оларды түсінуге болады. Ал егер 12 мүшесі сау болатын болса, еңбек ете алатын болса, ондай адамдар өз күндерін өзі көру керек деп ойлаймын.
- Кейбіреулер масыл болып отырады, ақшасы бар, жетеді. Үкіметке масыл болып отырады, ондайларды тексеру керек. Тексеріп, заң бойынша бәрін төлеу керек, былай алатындар болады оны, білеміз ғой. Масыл дейді ғой, оларды Үкіметтің көмегімен отыратын адамдарды, не еңбек істемейді,
- Мұқтаж адамдар қала берсін, мұндай адамдар бар, және болады да ал енді қолынан келетін, іс істеу білетін адам өзіне қарау керек, өз-өзін дамыту керек.
- Әлеуметтік масылдықтан арылу үшін жатпай тірлік істеу керек
- Шын мұқтаждан енді мына арбада отырып, жол апатына түсіп, аяқ-қолы сынып жатады ғой енді. Олар Үкіметке бағынады, Үкіметтің ақшасын алады. Былай аяқ-қолы бүтін болып тұрып, денсаулығы жақсы болып тұрса, ол Үкіметке қарамайды деп ойлаймын енді.
Тегтер #блиц сауалнама #әлеуметтік масылдық #Жолдау 2025Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz