RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады

30.09.2025, 09:48 460

Алматыда «Қайрат» - «Реал» матчына байланысты қоғамдық көліктің жұмысы бір сағатқа ұзарады.

Қаладағы автобустар мен троллейбустар түнгі сағат 23:00-ге дейін қатынайды. Мұндай шешім жанкүйерлер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданды, дейді әкімдік өкілі. Орталық стадионға жақын орналасқан көшелерде барлық автобус бағыттары толық сақталады. Яғни Абай даңғылы, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерінің бойымен қоғамдық көлік 24 бағытта қатынайды. Сонымен қатар әкімдіктің бастамасымен матч аяқталған соң жанкүйерлерді тасымалдау үшін қосымша 60 автобус бөлінді. Олар Орталық стадионнан «Алматы Арена» спорт кешеніне, Алатау даңғылы мен Алматы-1 теміржол вокзалына дейін қатынайды. Метро жұмысына да өзгерту енгізіледі.

Азамат Ешанқұл, қоғамдық көлікті ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

- Метроның интервалын біз қысқартамыз. Ол кезде 3 минут 20 секунд уақытқа қысқартып, оларлың тасымалдауын күшейтеміз халықты. Сондықтан әр маман, парктің қызметкерлері сол күні стадионның айналасына өзінің автобустарын қойып, толық сол жерге келген қонақтарды матч көрермендерін толық шығарып біткенше сол жерде қызмет ететін болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz