Елімізде теміржол желісінің 57 пайызы тозған.
Бұл пойыздардың қозғалысы мен қауіпсіздігіне кері әсер ететіні анық. Мәселені шешу үшін алдағы 5 жылда теміржолдың 5 мың шақырымын жаңғырту көзделген. Тағы 11 мың шақырым жолға жөндеу жүріп жатыр.
Еліміздің батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын 4 жоба бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған. Олардың қатарында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар», «Бақты – Аягөз» учаскелері және «Алматы айналма теміржолы» бар.
Биыл мерзімінен бұрын екі ірі жоба аяқталады. Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржолдары ел игілігіне беріледі. Мұнымен қоса биылдан бастап 3 мың шақырымдық теміржол учаскелері толық жаңартылады.
Теміржол желісінің жалпы ұзындығы – 16 мың км
Тозу деңгейі – 57 пайыз
2029 жылға дейін 5 мың км жаңартылады
"Дарбаза – Мақтаарал" , "Мойынты – Қызылжар", "Бақты – Аягөз" учаскелері, "Алматы айналма теміржолы" салынады
Тегтер #теміржол #Елімізде #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz