Жоғарғы Сот Кеңесі аудандық соттардың судьялары мен төрағаларына жарияланған конкурс қорытындысын жариялады.
Биылғы байқауға 149 судьялық орын үшін 389 үміткер қатысты. Соның ішінен 110 адам конкурстық іріктеуден өтті. Оның 66-сы Сот төрелігі академиясының түлектері. Ал аудандық сот төрағаларының 46 бос орнына 160 үміткер қатысты. Нәтижесінде Кеңес бар болғаны 17 кандидатқа ғана мүмкіндік берді. Сонымен қатар 24 судьяның өкілеттігі тоқтатылды. Олардың көпшілігі отставкаға кету немесе зейнет жасына жетуіне байланысты қызметтен босатылды.
Тегтер #конкурс #үміткер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz