RU
Толық нұсқаға өту

Елде 1700 шақырымнан астам жаңа теміржол салынып жатыр

30.09.2025, 17:12 421

Қазақстанда ұзын ырғасы 1700 шақырымнан астам жаңа теміржол салынып жатыр. Бұл еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай алыс-жақын шет елдерге жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Мәселен, Қазақстан мен Қытай арасында жаңа жүк тасымалдау бағыттары іске қосылған. Бұл ретте Алтынкөл – Қорғас және Достық – Алашанькоу кеден бекеттері негізгі дәліз саналады. Биыл қос тарап теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемін 33 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.

Қазақстан - Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған алтын көпір. Бұл дегеніміз орасан зор мүмкіндік. Еліміз бұл мүмкіндікті қалт жібермек емес. Мәселен, Қазақстан жақында  Вьетнамға Қытайдың Ляньюньган порты арқылы бидайдың алғашқы легін жөнелтті. Ал Ауғанстанда Пәкістан нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Тургунди – Герат» темір жолын салу жоспарда бар. Жаңа көлік бағыттарына және жаңа нарықтарға жол ашатын мүмкіндіктер мұнымен шектелмейді. Жаңа бағыттар жүк тасымалының жылдамдығы артады. 2027 жылға дейін жалпы ұзындығы 1700 шақырымнан астам жаңа теміржол желілері салынады.

2027 жылға дейін 1700 км астам жаңа теміржол желілері салынады:
• Достық – Мойынты – 836 км (2022–2025)
• Алматы айналма жолы – 75 км (2024–2025)
• Дарбаза – Мақтаарал – 152 км (2024–2026)
• Қызылжар – Мойынты – 329 км (2025–2026)
• Бақты – Аягөз – 295 км (2025–2027)
нұржан Келбұғанов, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының м.а:

- Бұдан басқа 12 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде Алматы айналма жолы келер жылы өз жұмысын аяқтайды. Дарбаза-Мақтарал Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы үшінші өткел салынып жатыр. Мысалы, Дарбаза теміржолы ол Өзбекстанға өтетін ұшінші теміржолымыз болады да Өзбекстан арқылы біз Орталық Азия, Ауғанстан, Тәжікстан елдеріне уақытында жеткізіп жүк айналымын өсіреміз.

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік мол. Айталық, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей жол ашады. Президент халыққа Жолдауында жаңа шойын жолдардың маңыздылығына ерекше тоқталған. Бұл бағыттардың бәрі біртұтас жүйе сияқты жұмыс істеп, елімізге едәуір табыс әкеледі.

Жаңа желілердің іске қосылуы:

• транзит пен жүк экспортын арттыруға
• өңірлердің дамуына
• жаңа жұмыс орындарын ашуға
• Еуразияның көлік хабы ретінде Қазақстанның позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ал «Шығыс – Батыс» дәлізі мен Қытайдың «Бір белдеу, Бір жол» жаһандық бастамасы Қазақстанның Еуразиядағы негізгі құрлық жолы ретіндегі рөлін күшейте түседі. Сондай-ақ біз үшін Транскаспий көлік бағытын дамытудың маңызы арта бастады. Бұл бағыттардың бәрі біртұтас жүйе сияқты жұмыс істеп, елімізге едәуір табыс әкелуі керек.

Бүгінде Қазақстанда 17 ірі теміржол терминалы бар. Жақында Алматыда «Жетісу» терминалы ашылды. Оның құрылысы небәрі 88 күнде аяқталған. Ақтауда контейнерлік хабтың құрылысы жүріп жатыр. Алда Бақты арқылы өтетін үшінші шекаралық өткелдің құрылысы жүріп жатыр.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz