RU
Толық нұсқаға өту

«Бақты – Аягөз» жаңа теміржол желісінің құрылысы жүріп жатыр

30.09.2025, 17:20 447

Қазақстаннан Қытай бағытына тартылған «Бақты – Аягөз» жаңа теміржолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Абай облысы арқылы өтетін шойын жол желісінің ұзындығы 272 шақырым болмақ.

Осылайша Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 28 млн-нан 48 млн тоннаға дейін ұлғайту, оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелістерді жою және қосымша транзит көлемін тарту көзделген. Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылыстары салынады.  

Осы мақсатта отандық өндірушілерден 500 мың бірліктен астам шпал және 36 тонна рельс сатып алу жоспарлануда. Жергілікті қамту кем дегенде 85% құрайды деген болжам бар. Теміржол 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы магистраль құрылысы 1700-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етпек. Кеніштерді игеру және жүктерді түсіріп-тиеу бекеттерін ашу да жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz