RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада жаңа жылу орталығы іске қосылады

30.09.2025, 19:22 332

Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа жылу электр орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Құны 215 млрд теңге болатын жоба шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асып жатыр.

Жылу орталығы аймақты электр қуатымен толық қамтып, жылу сапасын арттырады.

Бұл – Қазақстанда шетелдік инвестиция арқылы жүзеге асқан алғашқы энергетикалық жоба. Жаңа орталық толық қуатына шыққанда, сағатына 240 мегаватт электр энергиясын және 277 гигакалория жылу өндіретін болады.

Медет Усаин, облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Бірінші кезеңде бірінші және екінші газтурбиналық қондырғыны қосамыз. Ол жалпы 180 мгватт электр энергиясын шығарады. Сонымен қатар бізде жоба аясында су жылытқыш қазандықтары бар. Су жылытқыш қазандықтарында қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды да біз қазан айында бастап, біртіндеп қосамыз.

Жаңа нысан толық іске қосылғанға дейін қала ескі жылу электр орталығы арқылы жылытылады. Онда негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделіп, магистральдық жылу желілері жаңартылды.

Бақытжан Молдиманов, «Қызылорда жылу электр орталығы» ШЖҚ МКК директоры:

- Қазіргі таңда жылу энергиясымен пайдаланатын қала бойынша 1600-ге жуық нысан бар. Оның шініде 829 көпқабатты тұрғын үйлер болса, қалған нынсандар бюджеттік және жеке тұлғалар болып саналады. Қазіргі таңда гидравликалық сынақ, тексеру және реттеу жұмыстары басталып кетті. Жылу беруге кәсіпорын толық дайын болады.

Мамандардың айтуынша, жаңа жылу электр орталығы іске қосылған соң, ескі орталықтағы жүктеме айтарлықтай азаяды. Бұл Қызылордаға қажетті жылу мен электр энергиясын толық көлемде өндіруге мүмкіндік береді.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz