RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Digital Bridge-2025» халықаралық IT-форумы өтеді

01.10.2025, 14:14 456

2-4 қазан аралығындағы ауқымды шараның бұл жолғы тақырыбы – Generative Nation. Басқосудың алғашқы күнінде халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығында AI жобаларының тұсауы кесіледі, деп хабарлайды 24kz.

Оның ішіндегі үздік жұмыстар іріктеліп алынып, Мемлекет басшысы мен жасанды интеллект саласындағы беделді тұлғаларға таныстырылмақ. Айтулы алаңға цифрлық саланың инвесторлары, жаһандық көшбасшылар мен технологиялық алпауыттардың өкілдері арнайы шақыртылып отыр. Биылдан бастап форумға қатысуға ниеттілер үшін билет сатылымы іске қосылған.

Айта кетсек, «Digital Bridge» форумы 6 жыл ішінде IT саласындағы ең ірі оқиғаға айналып үлгерді. Осы аралықта жиынды әлемнің 100-ден аса елінен 67 мыңнан астам адам көрді. Пікір алаңында 550 қатысушы мен мыңнан астам спикер сөз сөйледі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz