RU
Толық нұсқаға өту

AI-Sana бағдарламасын 440 мың адам тәмамдады

01.10.2025, 15:37 348

AI-Sana бағдарламасын тәмамдаған 440 мыңнан астам адам арнайы сертификатқа ие болды, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы кеңесте отандық технологияны дамыту мен IT мамандарының даярлығы басты мақсатқа айналғанын жеткізді. Президент елде жасанды интеллект мамандарын оқытатын арнайы оқу орны жоқ екеніне, олар тек жекелеген университеттерде білім алатынына назар аударды.

«Сондықтан осы мәселені қолға алып, нақты шешім қабылдау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әлемде мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктерінде Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университеті құрылды. Ал Қазақстанда 79 университетте ІТ мамандығы бойынша 63 мыңнан астам студент оқиды. Былтырдан бері білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект пәні енгізіліп жатыр.

Десе де, Президент әлі талай шаруа атқарылуы керегін баса айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz