RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында екі АЭС салынады

01.10.2025, 16:30 413

Алматы облысында тағы бір АЭС салынуы мүмкін.

Бұл туралы атом энергиясы агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Бірінші алаң ретінде Үлкен ауылы таңдалған. Ал екінші станцияның құрылысы қайда жүргізілетіні әзірге белгісіз. Елдегі алғашқы АЭС-ты салу жұмысы бұған дейін Ресейдің «Росатом» компаниясына берілсе, екінші станцияны қытайлық компания салуы мүмкін. Бұдан бөлек Абай облысының Курчатов қаласы да атом электр станциясын салатын аумақ ретінде қарастырылып жатыр.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы:

- Екінші атом электр станциясы да оңтүстік өңірде салынады. Өйткені өздеріңіз білесіздер элек энергиясының тапшлығы әсіресе оңтүстікте қатты сезіледі. Қазір ол жаққа электр энергиясы "Солтүстік – Оңтүстік" транзиті бойынша жіберілуде. Қазір құрылыс жүргізуге үміткер компанияның барлығымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Сондықтан АЭС-ты нақты Қытай елінің компаниясы салады деген шешім қабылданған жоқ.

Алматы облысы Үлкен ауылында салынатын елдегі ең бірінші АЭС-тің атауы әлі қойылмады. Бұл бойынша бүгінге дейін 20 мыңнан астам ұсыныс түскен екен. Жер-су атауларына байланысты Балқаш, Іле, Үлкен, Мойынқұм деген нұсқалар айтылуда. Енді бірі Абай, Қаныш Сәтбаев секілді елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімін қоюды ұсынған. 

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы:

- Үшінші нұсқада станцияның техникалық және инженерлік ерекшелігіне басымдық берілген. Мәселен, «жарық», «бейбіт атом», «қуат» сынды сөздерден тұратын атаулар.  Қазір алғашқы АЭС-тің атын қоюға байланысты комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында қоғам қайреткерлері, этнографтар, тарихшылар және блогерлер мен сала өкілдері бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz